Ұлттық құндылықтарды қалыптастырудағы университеттердің рөлі
-
16 наурыз, 2024
15 наурызда «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы өтті. Онда Мемлекет басшысы мәдени-гуманитарлық және идеологиялық салада ұлт дамуының негізгі құндылықтарын атап өтті: тәуелсіздік пен ұлтжандылық, бірлік пен ынтымақтастық, әділдік пен жауапкершілік, заң мен тәртіп, еңбекқорлық пен кәсіпқойлық, жасампаздық және жаңашылдық. Осы негізгі құндылықтар әр азаматтың жүрегінде болуы керек.
Білім ордаларының маңыздылығын түсіне отырып, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті өзінің 80 жылдық тарихымен және 70 мыңнан астам педагог түлектерімен, ұстаздар ұстаханасы ретінде елдің ұлттық құндылықтары мен «білім экономикасының» қалыптасуына өз үлесін қосуға ұмтылады. Сонымен қатар біздің Университет толыққандылық, өз ісіне адалдық, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік және парасаттылық сияқты құндылықтарды бойына сіңірген болашақты өзгертетін педагог-көшбасшылардың интеллектуалды әлеуетін жетілдіруге және қалыптастыруға бағытталған. Жылпы біз үшін тәуелсіздікті тереңінен түсіну және Отанға деген шынайы сүйіспеншілікті тек сөзбен ғана емес, іспен де көрсету маңызды.
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Стратегиялық даму және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры Жанар Рысбекова
Бөлісу: