Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігі (IAAR) сарапшылары келді
-
11 наурыз, 2024
Бүгін Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінің (IAAR) сыртқы сараптау комиссиясының жұмысы басталды.
Мамандандырылған аккредиттеудің 1 кезеңі 17 білім беру бағдарламасы бойынша жүргізіледі:
- 6B06101-Цифрлық аналитикалық білім беру жүйелерін жобалау;
- 6B03201-Кітапхана ісі;
- 7M01503-Информатика;
- 7M01502-Физика;
- 7M01501-Математика;
- 6B05301-Химия;
- 7M05302-Химия;
- 7M01504-Химия;
- 8D05301-Химия;
- 6B01510-География;
- 6B01509-Биология;
- 6B05101-Биология;
- 7M01505-Биология;
- 8D01504-Биология;
- 6B01403 - Дене шынықтыру және спорт;
- 6B01802 - Әлеуметтік педагогика;
- 7М01102-Педагогикалық өлшемдер.
11 наурызда сыртқы сараптама комиссиясы Басқарма Төрағасы – Ректор Қанай Гүлмира Әмірханқызы, Басқарма мүшелері – Проректорлары, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, институт директорлары, білім беру бағдарламаларының көшбасшыларымен кездесті. Кері байланыс орнату үшін профессорлық-оқытушылық құрамымен және университет білім алушыларымен кездесіп, сауалнамалар жүргізілді. Сондай-ақ оқу-зертханаларының материалдық-техникалық базасына шолу жасады.
Комиссия жұмысы 13 наурызға дейін жүргізіледі. Сыртқы сараптама комиссиясының жұмысы табысты болуына және білім беру бағдарламаларына аккредиттеуден сәтті өтуіне тілектеспіз!
Бөлісу: