Институционалдық аккредиттеу жүргізу шеңберінде сыртқы сараптау комиссиясы келді



    • Институционалдық аккредиттеу жүргізу шеңберінде сыртқы сараптау комиссиясы келді

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінің сыртқы сараптау комиссиясы (ССК) келді.

                                                         

      Бірінші күні, 2024 жылдың 4 наурызында Басқарма Төрағасы-Ректор Қанай Гүлмира Әмірханқызы, Басқарма мүшелері-проректорлар, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, институт директорлары, білім беру бағдарламаларының көшбасшылары, сондай-ақ оқытушылар құрамы және студенттермен кездесу өтті. Сонымен қатар, оқытушылар құрамы мен студенттер арасында кездесумен қатар бір уақтытта сауалнама жүргізілді. Сондай-ақ оқу-зертханаларының материалдық-техникалық базасына шолу жұмыстары жүргізілді.

                                                                               

      5 наурызда ССК №131 гимназия және өсімдіктер биологиясы және биотехнология институты сияқты тәжірибе базаларына барды. Сондай-ақ университет түлектерімен және жұмыс берушілермен әңгімелесу өткізеді.

      Бірлескен жемісті жұмыс тілейміз!

                                   

                                                

      Бөлісу: