Менторлық: мәселелер және шешу жолдары



    • Менторлық: мәселелер және шешу жолдары

      Практика және мансап бөлімінің ұйымдастыруымен кәсіби тәжірибені ұйымдастыру мен өткізуді оңтайландыру мақсатында 90-ға жуық білім беру ұйымындағы мектеп мұғалімдеріне, университет оқытушылары мен студенттеріне арналған «Менторлық: мәселелер және шешу жолдары» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

                                                      

       Аталған дөңгелек үстелде Университет пен мектеп арасындағы табысты тәжірибелер ортаға салынды.  Атап-айтар болсақ, ментордың атқаратын функциялары, білім алушылардың практикалық даярлық сапасын ұйымдастырудағы Практика және мансап бөлімінің рөлі, педагогикалық тәжірибені зерттеудегі Lesson study әдісін қолдану, болашақ ұстаздардың алғашқы оқыту жылындағы мәселелерді алдын алу , педагогикалық практикадан өтетін білім алушыларға қойылатын талаптар мен педагогикалық практиканы ұйымдастырудың жаңа мүмкіндіктері мен басымдықтары жөнінде маңызды мәселелер қозғалды.

                                                                               

      Бөлісу: