Ғылыми серіктестік: Университет-Мектеп
-
28 ақпан, 2024
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде мектеп мұғалімдері, университет оқытушылары, магистранттар мен докторанттар үшін «Ғылыми серіктестік: Университет-Мектеп 2024» тақырыбында практикалық семинар өткізілді. Семинарға Алматы қаласы білім басқармасының өкілдері және әдістемелік орталық жанындағы әдістемелік бірлестіктердің өкілдері қатысты. Семинарға қатысушылар мектептермен ғылыми серіктестікті дамыту бойынша университет бастамасын жоғары бағалады және бірлескен зерттеу жобаларын құру ұсыныстарын қолдады.
Семинардың мақсаты – университет пен мектептер арасында ғылыми зерттеулер саласындағы өзара ынтықмақтастықты нығайту, бірлескен орта құру. Семинар зерттеу нәтижелерін көрнекі және қолжетімді түрде ұсынуға мүмкіндік беретін «Постер галереясы» әдісі арқылы өткізілді. Семинарға қатысушылар жаратылыстану-математикалық ғылымдар, гуманитарлық ғылымдар, әлеуметтік-экономикалық ғылымдар бағыттары бойынша топтарға бөлінді. Әр топқа өздерінің қызығушылықтары мен тәжірибелеріне негізделген шағын топтық зерттеу ұсынысын жазу ұсынылды. Одан кейін қатысушылар жалпы Галереяда өз постерлерін көрсетіп, басқа топтармен бірге талқылады.
Топтық жұмыс барысында қатысушылар университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының жетекшілік етуімен және мектеп мұғалімдерінің практикалық қолдауымен мектептерде магистранттар мен докторанттар жүзеге асырылуы мүмкін ғылыми жобалар тақырыптарын әзірледі.
Практикалық семинар университет пен мектептер арасында тәжірибе, идеялар мен ғылыми қызмет жоспарларымен алмасу алаңына айналды. Семинарға қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіре отырып, «Ғылыми серіктестік: Университет – Мектеп 2024» жобасы аясында ынтымақтастықты әрі қарай жалғастыруға ниетті екендерін жеткізді.
Аталған семинарды өткізу зерттеуге негізделген білім беру тәсілін енгізуге септігін тигізді. Яғни, бұл тәсіл университеттегі ғылым мен мектептердегі тәжірибені біріктіруге көмектеседі және оны келесідей айқындайды: «Мен нені оқысам, соны зерттеп, оқығанымды үйретемін».
Бөлісу: