Қараша айының үздік қызметкерлері анықталды



    • Қараша айының үздік қызметкерлері анықталды

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен әр ай сайын оқу орнының үздік қызметкерін анықтайтын байқау қолға алынды.

      Бұл тарапта Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде арнайы комиссия құрылып, конкурстың қорытындысы әр айдың соңында жарияланып отырмақ.

      Мақсат – оқу орнының әлеуетінің артуына елеулі үлес қосып, білім беру, ғылыми жұмыс және әкімшілік салаларында табанды еңбек етіп жүрген қызметкерлерді ынталандыру. 

      Комиссия шешімімен қараша айының үздік қызметкерлерінің есімдері белгілі болып, олар университет ректорының Алғыс хатымен және сыйақымен марапатталды. 

      Жүзден жүйрік атанғандардың қатарында Жаратылыстану институтының қауымдастырылған профессоры Анар Қалиева, Педагогика және психология жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры міндетін атқарушы Роза Нәбуова, Өнер және менеджмент институтының профессоры міндетін атқарушы Нұрзия Рахметова, Математика және цифрлы технологиялар жоғары мектебінің аға оқытушысы Лаура Байқадамова, Филология институты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кәмшат Тәженова, Оқу-әдістемелік бөлімінің басшысы Ләззат Қиясова, Қаржы-экономикалық басқармасының есепшісі Мөлдір Мамырбаева және Әкімшілік-шаруашылық департаментінің дәнекерлеушісі Дәулетхан Чукатаев бар.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Бөлісу: