QYZPU спортта мықты қызметкерлерді анықтады



    • QYZPU спортта мықты қызметкерлерді анықтады

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті ең шапшаң, шымыр қызметкерлерді анықтады. Атап айтқанда, профессорлар мен оқытушылар, әрі әкімшілік, колледж қызметкерлері арасында «Денсаулық» спартакиадасын өткізді. Спортта мықты команданы анықтау қыздар университетінде жыл сайынғы дәстүрге айналған.  

      Жарыстың ашылу салтанатында ректор Гүлмира Қанай сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға жеңіс тіледі. Спартакиадаға барлығы 7 команда қатысты. Олар: Педагогика және психология институты, Филология институты, Физика-математика және цифрлық технологиялар институты, Жаратылыстану институты, Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институты, Университет әкімшілігі командасы мен Университет колледжі қызметкерлерінен құралған командалар.

                                                       

      Қызметкерлер волейбол, үстел теннисі, дойбы, дартс, баскетбол добын шеңберге лақтырудан бақ сынады. Нәтижесінде, үстел теннисінен әйелдер арасында 1-ші орынды Педагогика және психология институты, ал ерлер арасында 1-ші орынды Физика-математика және цифрлық технологиялар институты иеленді.

                                                                                

      Дойбы жарысынан 1-ші орынды әйелдер арасында Университет әкімшілігі командасы, ал ерлер арасында Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институты 1-ші орынды иеленді. Баскетбол добын шеңберге лақтырудан әйелдер арасында 1-ші орынды Университет әкімшілігі командасы, ал ерлер арасында Университет колледжі бірінші болды.

                                                       

      Дартстан әйелдер арасында 1-ші орынды Жаратылыстану институты, ал ерлер арасында Университет колледжі 1-ші орынды алды. Ал волейболдан 1-ші орынды Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институты иеленді. Жеңімпаздар ректордың Алғыс хаттарымен марапатталды.

       

      Бөлісу: