QYZPU жер сілкінісіне дайындықты тексерді
-
23 ақпан, 2024
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде жер сілкінген жағдайда оқытушылар мен студенттердің дайындығы пысықталып, арнайы жаттығу өтті. «Назар аударыңыздар!» дабылы бойынша ректор Гүлмира Қанай бастаған университет қызметкерлері мен студенттер даладағы қауіпсіз жерге шығып, арнайы мамандардың нұсқаулығын тыңдады.
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметкерлері жер сілкінген жағдайда не істеу қажет екендігін түсіндіріп, сақтық шаралары туралы айтып берді. Төтенше жағдайда университет ғимаратынан қалай шығып, қай жерде жиналу қажеттігін де айтты.
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында сейсмикалық жаттығулар міндетті түрде өтіп тұрады. Осылайша студенттер мен қызметкерлер төтенше жағдайдағы қауіпсіздік ережелерімен алдын ала танысып, ықтимал дүлей апаттарға дайын болуға мүмкіндік алады.
Бөлісу: