Көкөністің өнімділігін арттыратын препарат ойлап тапқан жас ғалым баспаналы болды



    • Көкөністің өнімділігін арттыратын препарат ойлап тапқан жас ғалым баспаналы болды

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің аға ғылыми қызметкері Ақбота Қуандықова жаңа пәтердің кілтін алды. Баспаналы болғаны туралы қуанышты хабарды банктегілер оған лабораторияда жұмыс істеп жатқанда жеткізген.

      Естеріңізге салсақ, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің жас ғалымы Ақбота Қуандықова көкөністен мол өнім алуға мүмкіндік беретін жаңа препарат ойлап тапқан болатын. Жас ғалымның жаңалығы ҚР Ұлттық зияткерлік меншік институтынан патентке ие болған. Енді мемлекет жас ғалымға қолдау білдіріп, оның баспаналы болуына жағдай жасап отыр. Атап айтқанда, «Жас ғалым» бағдарламасы арқылы ыңғайлы шарттармен пәтер алуына мүмкіндік берді.    

      Бұған дейін Алматыда пәтер жалдап тұрған Ақбота Қуандықованың қуанышында шек жоқ. Жаңа фосфор органикалық қосылыстары негізінде препарат шығарып, ауыл шаруашылығының дамуына өз үлесін қосқан жас ғалым енді бұдан да үлкен жаңалықтар ашуға құлшынып отыр.

      Картоп, сәбіз, пияз, қызанақ секілді көкөністердің өнімділігін арттыратын препаратты синтездеп алуға Ақбота Қуандықоваға көмектескен жас ғалым Бану Диярова да осы «Жас ғалым» бағдарламасымен баспаналы болғанын алдында жариялаған болатынбыз.  

      Бөлісу: