QYZPU докторанттары ғылыми-зерттеу жұмыстарын қорғады
-
14 ақпан, 2024
«Шет тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасының докторанттары Диана Амирова, Ақерке Болтабекова және Айман Тургалиева бірінші этап – «әдебиетке шолу» бойынша арнайы комиссия алдында өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын қорғады. Зерттеушілердің ғылыми жетекшісі – PhD Назипа Аюбаева.
Диана Амирова «Тәлімгерліктің Қазақстандағы жаңа бастаған мұғалімдерді мамандықта сақтап қалуға әсері» тақырыбын зерттесе, Ақерке Болтабекова мұғалімдерді аттестаттаудың қазақстандық контекстегі оқыту сапасына әсерін жан-жақты қараған. Ал Айман Тұрғалиева «Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастардың этикалық аспектілері және оның білім беру нәтижелеріне әсері» тақырыбында зерттеу жүргізген.
Жаңа оқу жылында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде әлемдік стандарттарға сәйкес келетін диссертациялық жұмыстарды жүргізудің жаңа тәсілі бекітілді. Жаңа дизайн әдебиетке шолуды қоса алғанда, диссертация жазудың бірнеше кезеңін қамтиды.
Бұл Қазақстанда ғылым мен білімді дамытуға өз үлесін қосуға ұмтылатын жас ғалымдар үшін маңызды қадам болып табылады. Қажырлы еңбегі мен білімге деген ұмтылысының арқасында жас зерттеушілер үлкен биіктерге жетеді деп сенеміз.
Бөлісу: