Ректор Гүлмира Қанай оқытушылар мен студенттерді Жаңа жылмен құттықтайды



    • Ректор Гүлмира Қанай оқытушылар мен студенттерді Жаңа жылмен құттықтайды

                                                                                                              Құрметті оқытушылар мен студенттер, ата-аналар!

      Сіздерді Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ұжымы және өзімнің атымнан келе жатқан Жаңа жылдарыңызбен шын жүректен құттықтаймын! 

      2024 жыл «Ұстаздар ұстаханасы» атанған Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті үшін ерекше болмақ, өйткені арулар ордасы өзінің 80 жылдығын атап өтеді! Баршаңызды бұл қуанышты бізбен бірге бөлісуге шақырамыз!

      Біздер еліміздің ғылымы мен біліміне зор үлес қосып келе жатқан әрбір оқу ордасына тілекшіміз. Өйткені тек ауызбіршілік пен қолдау көрсету арқылы ғана біз бір-біріміздің жақсылығымызды асырамыз. Ал біз өз кезегімізде әрі қарай да алтын бесігіміз – ауыл мектептері үшін мықты кадрлар дайындауға, әлемнің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының тәжірибесін Қазақстанға әкелуге бар күшімізді сала бермекпіз!

      Екі жылдың тоғысқан сәтінде айтылатын тілектердің қашанда орны ерекше дейді. Ендеше жүректен шыққан әрбір жақсы сөз ырыс әкеліп, бәріміз үшін Жаңа жыл жайдары өтсін!  

      Сіздерге деген зор құрметпен, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық унвиерситетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай

       

      Бөлісу: