Германия QYZPU білім сапасын растады



    • Германия QYZPU білім сапасын растады

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 15 білім беру бағдарламасы Германияда ықпалы зор халықаралық ACQUIN аккредиттеу агенттігінің аккредитациясынан сәтті өтті. ACQUIN Аккредиттеу, сертификаттау және сапаны қамтамасыз ету Институтының Аккредиттеу кеңесінің шешімі бойынша сапа сертификаты 6 жыл мерзімге берілді.

      ACQUIN аккредиттациясы қыздар университетінің білім беру бағдарламалары халықаралық оқыту стандарттарына сәйкес келетінін растайды. Яғни студенттер арулардың ақ ордасына жоғары сапалы білім алуда деген сөз. Бұл университеттің әлемдік деңгейде беделін нығайтып, шетелдік студенттердің келуіне де жол ашады.  

                                                        

      ACQUIN келесі білім беру бағдарламарына халықаралық сертификаттар табыстады:

      1. 6В01511- География-Тарих
      2. 6В01512- География- Биология
      3. 6В01602-Тарих – Дінтану
      4. 8D01503- Химия  (Білім беру)
      5. 8D01506-География (Білім беру)
      6. 8D01703-Иностранный язык: два иностранных языка (Білім беру)
      7. 8D01702- Русский язык и литература (Білім беру)
      8. 6В01505-Физика-Информатика
      9. 6В01514-Информатика және Робототехника
      10. 7M06102-Информационные системы
      11. 7M05301-Физика
      12. 8D01502-Информатика (Білім беру)
      13. 8D01505-Математика (Білім беру)
      14. 8D05302-Физика
      15. 8D01501-Физика (Білім беру)

      Академиялық сапаны қамтамасыз ету бөлімінің мәліметі бойынша, осы аккредиттация арқасында қыздар университетінің түлектері шетелде жұмысқа орналаса алады. Сондай-ақ студенттердің әлемнің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша білім алуына ықпал етеді.  

      Бөлісу: