22 ғалым «Болашақ» стипендиаты атанды



    • 22 ғалым «Болашақ» стипендиаты атанды

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 22 ғалымы «Болашақ» стипендиаты атанды. Олар «500 ғалым» жобасы аясында шетелде тағылымдамадан өтетін болады. Атап айтқанда, әлемнің үздік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен салалық ұйымдарында кәсіби тағылымдамадан өтіп, бірлескен зерттеулер жүргізеді.

      22 ғалымның 12-сі – Англияға, төртеуі – АҚШ-қа, үшеуі – Түркияға, тағы үш ғалым Польшаға аттанады.  

                                                                                       

      Стипендия иегерлері шетелге келесі жылдың ақпан айында ұшады. Ғылыми тағылымдама 3 айдан 12 айға дейін жалғасады. Әлемнің үздік зерттеу орталықтарында ғалымдар өздерінің жеке ғылыми жұмыстарын жүргізіп, тәжірибе жинақтайды. Содан оны елдің игілігіне жұмсайды. Ғылым департаменті қызметкерлерге шетелде қолғабыс көрсетіп, бағыт беретін жетекшілер тағайындалады деп отыр.  

      Естеріңізге салсақ, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, жыл сайын қазақстандық 500 ғалым «Болашақ» бағдарламасы аясында әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында кәсіби құзыреттілігін дамытады.

       

      Бөлісу: