QYZPU-да 26 грант босады



    • QYZPU-да 26 грант босады

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде 26 мемлекеттік білім гранты босады. Оның 25-і – мемлекеттік грант болса, біреуі – Жетісу облысының жергілікті бюджет қаражаты есебінен бөлінген. Босаған гранттар байқауына ақылы негізде оқитын 1, 2, 3, 4 курс студенттері қатыса алады.   

      Оқу үдерісін ұйымдастыру бөлімінің мәліметіне сәйкес, білім гранттары "6B05301-Химия", "6B05101-Биология", "6В01901-Арнайы педагогика", "6В01802-Әлеуметтік педагогика", "6В01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу", "6В01705-Шетел тілі: екі шетел тілі", "6В02301-Аударма ісі", "6В02102-Хореография", "6В11401-Әлеуметтік жұмыс", "6В01601-Тарих", "6B11102-Мәдени-тынығу жұмысы", "6B05302-Физика", "6B03201-Кітапхана ісі", "6В01501-Математика" және "6B03102-Психология" білім беру бағдарламалары бойынша босаған.

      Босаған білім гранттарына өтініштер мен құжаттар 2024 жылдың 5 қаңтарына дейін Институттарда қабылданады. Үміткерлер өтінішпен бірге жеке куәлік көшірмесі мен транскрипт тапсыруы қажет.

      Бөлісу: