Сайтқа тақырып – Ректор Гүлмира Қанай Тәуелсіздік күнімен құттықтайды



    • Сайтқа тақырып – Ректор Гүлмира Қанай Тәуелсіздік күнімен құттықтайды

      Сіздерді Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ұжымы және өзімнің атымнан ұлық мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!

      16 желтоқсан – азаттық үшін арпалысқан ұлт перзенттерінің арқасында келген ең қасиетті, қастерлі күн. Тәуелсіздік жолында басын бәйгеге тіккен жастар – Желтоқсан қаһармандарын біздер әрқашанда жадымызда ғана емес, жүрегімізде сақтауға тиіспіз. Өйткені ұстаздар – ұлт тәрбиешілері, келешекке тарихты жеткізушілер! Сіздер арқылы болашақ ұрпақ Тәуелсіздіктің құны мен құндылығын түсінеді, түйсінеді!

      Аса қадірлі ұстаздар! Тамыры терең мемлекеттігіміздің маңызды белестерін ұлықтап, ұлтты ұйыстыратын ортақ құндылықтарды нығайта берейік. Қастерлі Тәуелсіздігіміздің тұғырын биіктете түсейік! Құрметті студенттер! Тәуелсіздікті көздеріңіздің қарашығындай сақтаңыздар. Білім мен ілім арқылы мемлекетіміздің тұтастығын қорғау – Сіздердің азаматтық қастерлі борыштарыңыз.

      Еліміздің білімі мен ғылымын ілгерітіп, мызғымас бірлік пен ырыс-ынтымақтың арқасында біздер барлық қиындықты жеңеміз.

      Тәуелсіздік күні құтты болсын! Ісіміз берекелі, отбасымыз аман, жеріміз тыныш болсын!

      Сіздерге деген құрметпен,

      Басқарма Төрағасы – ректор

      Гүлмира Қанай

       

      Бөлісу: