QYZPU-да жаңартылған білім беру стандарты талқыланды



    • QYZPU-да жаңартылған білім беру стандарты талқыланды

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру бойынша ҚР Мемлекеттік жалпыға білім беру стандартының жаңартылған мазмұны қарастырылып, талқыланды. Бұл үшін арулардың ақ ордасына арнайы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясының вице-министрі Руслан Қаратабанов келді.

      Ұлттық білім беру академиясының вице-министрімен кездесуге академиялық мәселелер бойынша проректор Еркін Жұманқұлова мен білім беру бағдарламаларын құрастырушылар және бағдарлама көшбасшылары қатысты.

                                                       

      Мемлекеттік жалпыға білім беру стандартының жаңартылған мазмұны Қазақстанның білім беру жүйесін ұдайы жетілдіруге ұмтылысын көрсетеді. Ұлттық білім беру академиясының вице-министрі Руслан Қаратабанов жиналғандарға жаңартылған стандарттың негізгі аспектілері туралы айтып берді. Вице-министр қазіргі заманғы оқыту әдістерінің, студенттерді оқу процесіне белсенді тартудың және әрбір білім алушының жеке ерекшеліктерін есепке алудың маңыздылығын атап өтті.

                                                                                    

      Сондай-ақ елімізде білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету мақсатында білім беру стандарттарын қалыптастыруда университеттердің рөлін күшейту және олардың мемлекеттік органдармен белсенді өзара іс-қимылына баса назар аударылды.

      Кездесу соңында вице-министр талқылауға белсене қатысып, жалпыға білім беру стандартының жаңартылған мазмұнына қатысты өз ұсыныстарын айтқандары үшін университет қызметкерлеріне алғысын білдірді. Мұндай байланыс бiлiм беру саясатын қалыптастыруда аса маңызды, әрі  қазiргi заманғы инновациялық бiлiм беру жүйесiн құруға ықпал етедi.

       

      Бөлісу: