Малайзияның Қазақстандағы елшілігінің өкілі студенттермен кездесті
-
07 желтоқсан, 2023
Қазақстандағы Малайзия елшілігінің туризм бөлімінің директоры Нор Шазли Бин Азми Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің құрметті қонағы болды. Мәртебелі мейманды Ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Закир Жұмақұлов қарсы алды. Азми мырза арулардың ақ ордасына Малайзияда оқу мүмкіндіктері туралы студенттер мен оқытушыларға айтып беруге арнайы келген екен.
Малайзия елшілігінің мұндағы мақсаты – екі ел арасындағы ғылым, білім және мәдени ынтымақтастықты дамыту, тәжірибе алмасу. Закир Жұмақұлов мұндай кездесулердің академиялық және халықаралық тәжірибеге тиімді, әрі студенттерге мол мүмкіндіктер ашуға маңызды екендігін атап өтті. Елшілік өкілі Малайзиядағы шетелдік студенттер үшін қолжетімді білім бағдарламалары туралы құнды ақпаратпен бөлісті. Сондай-ақ олардың алуан түрлілігіне баса назар аударды.
"Малайзия студенттерге тек академиялық мүмкіндіктер ғана емес, сондай-ақ мәдени құндылықтармен танысуға, ізденіс аясын кеңейтуге мүмкіндіктер ұсынады", - деп атап өтті Нор Шазли Бин Азми.
Кездесу соңында студенттер мен оқытушылар Қазақстандағы Малайзия елшілігінің туризм бөлімінің директорына сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.
Бөлісу: