QYZPU мен Назарбаев Университеті таланттардың көзін ашуда бірлесіп жұмыс істеуге келісті



    • QYZPU мен Назарбаев Университеті таланттардың көзін ашуда бірлесіп жұмыс істеуге келісті

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің HR-департаменті таланттарды тану және кадрлық әлеуетті дамыту жөніндегі стратегиялық бастамаларды іске асыру мақсатында Назарбаев Университетінің дербес білім беру ұйымына іс-сапармен барды.

      HR-департаментінің директоры Юлия Микропуло, рекрутинг және персоналды кәсіби дамыту бөлімінің басшысы Шолпан Рысжанова, кадрлық әкімшілендіру бөлімінің басшысы Лаура Мейрманова және рекрутинг және персоналды кәсіби дамыту бөлімінің жетекші маманы Меруерт Зейнадулова мен экономикалық жоспарлау бөлімі басшысы м.а. Сымбат Мурат Назарбаев Университетімен тәжірибе алмасу және ондағы атқарылып жатқан жұмысты тереңдетіп зерделеу мақсатында әріптестерімен бірқатар кездесулер мен келіссөздер өткізді.

                                                       

      Іс-сапар барысында HR-департаменті директоры Юлия Микропуло мен Назарбаев Университетінің адами капиталды дамыту департаментінің бас директоры Нұргүл Уларханова кездесіп, таланттарды басқару саласындағы ынтымақтастық және тәжірибе алмасу перспективаларын талқылады.

                                                                                      

      Делегация трансляция кеңсесінде болып, ғылыми-зерттеу этикасын сақтау және ғылыми зерттеу этикасын ұстану мәселелері бойынша кеңсе өкілдерінің жұмысымен танысты. Бұл сапар Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті мен Назарбаев Университеті арасындағы әріптестік қатынастарды нығайтудағы маңызды қадам болды.

      Бөлісу: