Екатерина Горбуличева ҚР Тұңғыш Президенті стипендиясының иегері атанды



    • Екатерина Горбуличева ҚР Тұңғыш Президенті стипендиясының иегері атанды

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 2 курс магистранты Екатерина Горбуличева ҚР Тұңғыш Президенті стипендиясының иегері атанды. Стипендияға еліміздің ең мықты деген 10 жоғары оқу орнынан 10 жас ғалым таласқан еді. Сынаққа түскен магистранттардың ғылыми ізденістері мен жетістіктерін бағалаған арнайы комиссия стипендияның иегері болуға Екатерина Горбуличева лайықты деген шешімге келді.

      «Химия» білім беру бағдарламасы бойынша Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде білім алып жатқан Екатерина Горбуличева «Гальваникалық жабындарды жағар алдында темір тобындағы металдар мен олардың негізіндегі қорытпалардың бетін тазалау тәсілдері», «Әр түрлі ортада никельден жасалған индикаторлық электрод материалының химиялық төзімділігі», «Жылқы ашытқысын өсіру тәсілдерін әзірлеу» сынды ғылыми тақырыптарда мықты ғалымдармен бірлесіп зерттеулер жүргізген.

      Қазір ол орта мектеп оқушыларына ағаш тектес өсімдіктерді зерттеу мысалында экологиялық тәрбие беруді зерттеп жатыр. ҚР Тұңғыш Президенті стипендиясының иегері атанған Екатерина Горбуличеваның ғылымдағы жетекшісі – доцент, ғылым докторы Айтжамал Мусина.

      Бөлісу: