QYZPU-дің жас ғалымы Президент стипендиясының иегері атанды



    • QYZPU-дің жас ғалымы Президент стипендиясының иегері атанды

      2 курс магистранты Аяжан Ақтымбай оқуда үздік болып, нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті стипендиясының иегері атанды. Қазақстан Республикасы Президенті тағайындаған стипендия білім мен ғылымда жоғары көрсеткіштер көрсеткен білім алушыларға беріледі. Магистранттың ғылымдағы ізденістерін жоғары бағалаған арнайы комиссия оның оқудағы үлгерімін де ескерді, содан арнайы шешім шығарды. 

      Аяжан Ақтымбай Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде психология білім беру бағдарламасы бойынша оқып жатқанын айта кетейік.

      Бөлісу: