Малайзия QYZPU-мен байланыс орнатқысы келеді



    • Малайзия QYZPU-мен байланыс орнатқысы келеді

      Малайзияның халықаралық мәдени коммуникация орталығы басқарушы директорының орынбасары Бэнджамин Леонг Так Ханг Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетімен байланыс орнату үшін арнайы Қазақстанға іс-сапармен келді. Ресми кездесу барысында екі тарап білім, ғылым және мәдениет саласында бірлесіп жобаларды атқаруға келісіп, меморандумға қол қойды.

      Мәртебелі мейманды ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Закир Жұмақұлов қабылдады. Бэнджамин Леонг Так Ханг бұл келісімнің алдағы уақытта Малайзия мен Қазақстан арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтатынына сенім білдірді.

                                                       

      Бұл келісім Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Яғни тек Малайзия ғана емес, Қытайдың алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарына академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша студенттерді жіберуге жағдай жасалады. Сонымен бірге профессорлар да осы келісімнің арқасында халықаралық біліктілікті арттыру курстарына қатысуға мүмкіндік алады.

                                                                        

      Бөлісу: