Қытайдың Қазақстандағы елшілігі QYZPU-ға 5 түрлі-түсті принтер сыйға тартты
-
10 қараша, 2023
Құны шамамен 600 мың теңге болатын техниканы Алматыдағы бас консулдың орынбасары Чжун Хуа ханым табыстады. Түрлі-түсті принтерлерден бөлек елшілік өкілдері Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің кітапханасына қытай тіліндегі әдебиеттер мен ғылыми зерттеулер, оқулықтар, сөздіктер сыйлады.
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Қытай елімен білім мен тәжірибе алмасу аясында әріптестік және достық қарым-қатынас орнатқан.
Естеріңізге салсақ, Қыздар педагогикалық университетінің «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 10 студенті қазіргі таңда Қытайдағы Хубэй университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша жоғары білімін жалғастырып жатыр.
Бөлісу: