QYZPU студенті халықаралық ғылыми байқауда жеңімпаз атанды
-
02 қараша, 2023
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенті Аружан Бозтаеваның ғылыми баяндамасы халықаралық байқауда екінші орын иеленді. Жарысқа еліміздегі педагогикалық университеттерден бөлек, Түркия, Ресей, Әзірбайжан және Грузиядан келген зерттерумен айналысатын студенттер қатысқан болатын.
«Нұрғали оқулары-XII: ХХІ ғасыр ғалымдарының ғылыми қауымдастығы. Филология ғылымдары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы Астанада Л.Гумилев атындағы Еуразия университетінде өтті.
Аружан Бозтаева «Орыс тілі сабағында бастауыш сынып оқушыларының сыни тұрғыдан ойлау қабілетін қалыптастыру» тақырыбында зерттеу жүргізген болатын. Ғылыми мақалада 4-сынып оқушыларының сыни ойлау қабілетінің қалыптасу деңгейі бойынша педагогикалық эксперименттің нәтижелері баяндалған. Бұл экспериментті 2 курс студенті бір жыл бойы жүргізді.
Жеңіс тұғырынан көрінген жас зерттеуші Аружан Бозтаеваның ғылыми жетекшісі – педагогика ғылымдарының докторы, профессор Айгүл Сәтбекова.
Бөлісу: