QYZPU қыздары ұлттық әшекейлер тақты
-
03 қараша, 2023
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің айдай сұлу арулары ұлттық ою-өрнектегі әшекейлерді тағынып, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері бастаған челленджге жауап қатты.
Бұл күні арулардың ақ ордасы ерекше сұлулана түсті. Өйткені шашқа сән беріп, шекелік, күмістелген шолпы, сырға, алқа таққан аяулы қыздарымыз оқу ордамыздың көркін еселетті. Осылайша Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің арулары ұлттық құндылықты жоғары бағалайтынын, оны дәріптеуге қашанда даяр екендігін көрсетті.
Өскелең ұрпаққа ұлт игіліктерін насихаттап отыратын – ұлттық тәрбие. 80 жылдық тарихы бар арулардың ақ мекені, ұлағатты ұстаздардың ордасы ұлттық тәрбиені қай кезде де жоғары қоятынын осындай әдемі челленджге қатысу арқылы көрсете алды деп есептейміз.
Бөлісу: