«Білім берудің философиясы» курсы басталды



    • «Білім берудің философиясы» курсы басталды

      «Білім берудің философиясы». Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде осындай  атаумен арнайы курс бастау алды.

      Жобаның мақсаты – мұғалім мамандарын даярлайтын оқу орны түлектерінің білім берудегі кәсіби құзіреттілігін жан-жақты дамыту, біліктілік әлеуетін арттыру.

      Бүгінде аталған курс Қыздар университетінің Педагогика және психология, Физика, математика және цифрлы технологиялар жоғары мектептерінің оқу үдерісіне енгізіліп, бірінші курс студенттеріне оқытылып жатыр.

      Аталған курс шеңберінде еліміздегі отандық және шетелдік білім беру саласының менеджерлері университет білім алушыларына арнап шеберлік сыныптар мен семинарлар сериясын жүргізбек.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Бөлісу: