QYZPU ХАБАР 24 бас ақпараттық телеарнасының жаңалықтарында



    • QYZPU ХАБАР 24 бас ақпараттық телеарнасының жаңалықтарында

      Белгілі тележурналист Григорий Беденко Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің библиографиялық коллекциясы туралы сюжет дайындады. Университетте сақтаулы XIX ғасырдың басындағы сирек кездесетін көне кітаптар туралы репортаж ХАБАР 24 республикалық телеарнасының жаңалықтарында жарық көрді, сондай-ақ арнаның сайтында орналастырылған.

      Естеріңізге сала кетейік, қыздар педагогикалық университетінің кітапханасы Қазақстандағы ең ірі кітапханалардың бірі болып саналады. Оның қорында миллионнан астам, ал сирек кездесетін коллекцияларда 400-ден астам кітап бар.

      XIX ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ СИРЕК КЕЗДЕСЕТІН КӨНЕ КІТАПТАР АЛМАТЫДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТТЕ САҚТАУЛЫ

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті өзінің кітаптар мұражайын ашқысы келеді, деп хабарлайды «Хабар 24». Онда ежелден сирек кездесетін артефактілер - XIX ғасырдың басындағы көне кітаптар сақталған. Өкінішке орай, қазіргі таңда мұражайға тек оқытушылар, студенттер мен университет қонақтары ғана кіре алады. Библиографиялық коллекция зерттеуші Андрей Рудольскийдің «Кіші Анахарсистің саяхаты» атты көп томдық басылымдардың түпнұсқаларын қамтиды.

      Ежелгі Грекияға арналған осы тарихи еңбектің бірінші томы 1808 жылы жарық көрді. Бастапқыда француз тілінде жазылған, кейін орыс тіліне аударылған. Автор өз шығармасын Ресей императоры I Александрға арнады.

      1772 жылғы «Ресей жазушылары туралы тарихи сөздіктің тәжірибесі» атты алғашқы орыс әдеби энциклопедиясының көшірмесі ЖОО коллекциясындағы ең ескі дана болып саналады.

      Естеріңізге сала кетейік, қыздар педагогикалық университетінің кітапханасы Қазақстандағы ең ірі кітапханалардың бірі болып саналады. Оның қорында миллионнан астам, ал сирек кездесетін коллекцияларда 400-ден астам кітап бар.

      Әсем Өтегенова, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті кітапханасының директоры:

      - Біздің университетте көне кітаптардың бірегей коллекциясы бар. Олар біздің мұражайымызда. Бізде олардың барша қазақстандықтар үшін қолжетімді болуын тілейміз, өйткені олар XVII ғасырдан бастап бірегей жәдігерлер. Біздің ойымызша, келушілер біздің игілігімізбен, университетіміздің тарихымен де танысуы керек.

                                                                   

       

      Бөлісу: