Гүлмира Қанай қаза тапқан кеншілердің отбасына көңіл айтты
-
28 қазан, 2023
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гүлмира Қанай Қарағанды облысында өрт кезінде қаза тапқан кеншілердің отбасына қайғырып көңіл айтты.
– Университет ұжымы және өз атымнан қара жамылған отбасыларға қайғырып көңіл айтамын. Бұл бүкіл елдің қабырғасын қайыстырған ауыр қаза, – деді Гүлмира Қанай.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасыларымен және туған-туыстарымен кездесіп, көңіл айтып, ертең, яғни 29 қазанды елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.
Бөлісу: