Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ректоры Бейбіткүл Каримова QYZPU-да семинар өткізеді



    • Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ректоры Бейбіткүл Каримова QYZPU-да семинар өткізеді

      Құрметті студенттер! 13 қазан күні Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ректоры Бейбіткүл Каримова «Шетелдік серіктес университеттермен білім беруді интернационалдандыру» тақырыбында семинар-тренинг өткізетінін хабарлаймыз!

      Семинар-тренинг жаһандану дәуірінде студенттер халықаралық деңгейдегі оқу бағдарламалары бар, мәдени әртүрлілікті қамтамасыз ете алатын және шетелде тәжірибе жинауға мүмкіндік беретін жоғары оқу орындарында білім алуға басымдық береді. Студенттердің халықаралық деңгейдегі алған тәжірибелері олардың біліктілігін арттырады.

      Семинар-тренингте «үйдегі интернационализация» саясатын іске асыру мақсатында COIL - Collaborative Online International Learning платформасы арқылы оқу бағдарламаларын дамыту тақырыбы қарастырылады. Бірлескен онлайн-практикумдарда және семинарларда пайдаланылатын әртүрлі әдістер білім алушыларға шет тілін үйреніп қана қоймай, оны күнделікті қарым-қатынаста қолдануға, өздерінің коммуникативтік, тілдік және мәдени құзыреттерін дамыта отырып, басқа халықтардың өкілдерімен танысуға көмектеседі.

      Өтілетін орны: Алматы қ., Гоголь көшесі 114

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, №215 конференц залы,  2 қабат.

      Тіркеу: сағат  9.30 -10.00

      Бөлісу: