Алматы қаласының атқамінерлері QYZPU оқытушыларын құрметке бөледі



    • Алматы қаласының атқамінерлері QYZPU оқытушыларын құрметке бөледі

      Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі Айдар Жәкібаев Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті мен колледжінің 10 оқытушысын Ұстаздар күні мерекесіне орай Алғыс хатпен марапаттады. Атап айтқанда, Нұрай Байтұрсын, Гүлнәр Касымжанова, Күлмария Қалдыбаева, Гүлбайра Әзімбаева, Бекзада Қожекеева мен Ақбөпе Қарабаева, Нұргүл Әлімбекова, Гүлнұр Нұрпейісова, Ержан Бұқанов, Ерғали Байташовтармен қатар Алматы қаласындағы орта мектеп ұстаздары да әкімдік тарапынан ерекше еленді.

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – ректор Гүлмира Қанай және университетіміздің танымал түлегі, мемлекет және қоғам қайраткері Асылы Осман, сондай-ақ Алматы қаласының  білім беру саласының ардагерлері қатысты. Ректор Гүлмира Қанай мектеп ұстаздарын мерейлі мерекемен құттықтап, оларға университет жетістіктері мен жоспарлары туралы баяндап берді. Гүлмира Әмірханқызы университеттің басты мақсаты – ауыл мектептеріне қызмет көрсету екендігін ерекше атап өтті.  

                                                                                                 

      «Дүниежүзін әлеуметтік-экономикалық дағдарысқа ұшыратқан коронавирус індеті кезінде қиындыққа қарамай, ұстаздардың өзгеріске жылдам бейімделіп, мықты мамандарды дайындауы – оқу орнының негізгі мақсатын айқын көрсетті. Сонымен қатар университет өз түлектерінің болашағына алаңдап, мықты маман шығару үшін аянбай қызмет атқаруда», – деді ректор.

      Бүгінгі күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері дипломдық жұмыс орнына «LESSON STADY» жобасын қолға алған. Аталған жоба аясында ректор ұстаздарға студенттермен бірлесе жұмыс істеп, жаңа белесті бағындыруға шақырды. Университет басшысы кез келген мектеп, балабақша және басқа да әкімдік ұйымдастырып жатқан жобаларға ашық екенін және ынтымақтастыққа дайын екенін жеткізді.

      Марапаттау шарасы соңында Ұсатаздарға танымал әншілер тобы өнер көрсетіп, мерекелік концерт қойды.

                                                                            

       

      Бөлісу: