QYZPU студенттері оқытушыларын Қытайдан құттықтады



    • QYZPU студенттері оқытушыларын Қытайдан құттықтады

      Хубэй университетіне академиялық ұтқырлық бағдарламасымен оқуға кеткен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері оқытушыларын кәсіби мерекесімен құттықтады.   

      Қыздар педагогикалық университеті Қытайға да шет тілі: екі шет тілі мамандығының 10 студентін аттандырған болатын.

      Сондай-ақ АҚШ-қа физика мамандығының 3 курс студенті Қарақат Орынбаеваны арнайы бағдарлама аясында жіберген. Қарақат Миссисипи Алқабының мемлекеттік университетінде білім алып жүр.

      Литвадағы Вильнюс  университетінде осы мамандықтың 2 курс магистранты Сұлу Аралбаева да академиялық ұтқырлық бағдарламасымен оқуда. Университет шет елдегі студенттерімен әрдайым байланыста. Хабарласып, хал-жағдайларын тұрақты түрде сұрап тұрады.

      Бөлісу: