Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті қос диплом бағдарламасын іске асыру бойынша Сассекс университетімен келіссөз өткізді



    • Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті қос диплом бағдарламасын іске асыру бойынша Сассекс университетімен келіссөз өткізді

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гүлмира Қанай Ұлыбританияға ресми іс-сапары барысында Сассекс университетінің вице-канцлері Робин Банерджимен кездесті. Тараптар 2024 жылдан бастан магистратура және докторантура бойынша қос диплом бағдарламасын бастауды талқылады. Кездесуге ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық бойынша проректор Закир Жұмағұлов та қатысты.

      Естеріңізге салсақ, бұған дейін Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Британдық кеңес бөлген гранттың аясында Сассекс университетімен бірлесіп қос диплом бағдарламасын іске асырады деп хабарлаған болатынбыз.

      Айта кету керек, әлемнің жетекші университеттерімен білім беруді интернационализациялау өте маңызды. Өйткені жоғары білім беру орындарының сыртқы және ішкі контурлардағы бәсекеге қабілеттілігі қос диплом секілді бағдарламалармен айқындалады.  

      Бөлісу: