QYZPU қолөнер шеберлері алматылықтарды тәнті етті



    • QYZPU қолөнер шеберлері алматылықтарды тәнті етті

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті студенттерінің қалалық жәрмеңкеге қойған қолөнер бұйымдары көпшілікті тәнті етті. Жүннен жасалған бұйымдар, тоқыма, қыздардың тіккен кестесі мен кілем, текеметтері көздің жауын алды. Студенттерді қолөнерге университеттің шеберлері баулыған.

      Ал сурешілердің майлы бояумен салынған картиналары жәрмеңкенің сәнін келтірді десе болады. Студенттер қолөнер бұйымдарын жасауды сабақтан тыс уақытта университетте Басқарма төрағасы – ректор Гүлмира Қанайдың бастамасымен ашылған «Көркем» атты арт орталығында тегін үйренеді. Онда шеберлер қыздарға жүнменен киіз, текемет басуды көрсетеді. Сондай-ақ ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Көркем академиясының академигі, «Өнер саласының үздігі» медалінің иегері Марат Тұрғынбайдың жетекшілігімен сурет салады. 

      Университет қолөнер шеберлерінің «JAS FEST-2023» фестиваліне қатысып,  жәрмеңкенің көркін келтіргені үшін Алматы қаласы ішкі саясат басқармасы алғысын білдірді.

                                                          

       

      Бөлісу: