«Жасыл ел» еңбек жасағы құрамында QYZPU-дің 100 студенті жұмыспен қамтылды



    • «Жасыл ел» еңбек жасағы құрамында QYZPU-дің 100 студенті жұмыспен қамтылды

      «Жасыл ел» жасағы құрамында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 100 студенті жұмыспен қамтылды. Олар жаз бойы Алматы қаласының тазалығына зор үлестерін қосты. Университет өз тарапынан жасақ құрамына кіріп, жұмыс істеген жүз студентке Студенттер үйінде тегін тұруға жағдай жасады. Сондай-ақ арнайы киімдер де берілді.

      Студенттердің еңбекорлығы Алматы қаласы жастар саясаты басқармасының тарапынан жоғары бағаланды. Ал мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығының 4-курс студенті Ізетгүл Бердібек «Жасыл ел» жасағының ең белсенді жауынгері атанды. Басқарма басшысы Қайыржан Меңдіғалиев оны Алғыс хатпен және сыйлықтармен марапаттады.

                                                                                       

      Жасақ құрамына кірген студенттерге жаз бойы жетекшілік еткен Жастар ісі жөніндегі басқарма басшысы Мейрамгүл Дауленбаева мен Жастар ісі жөніндегі басқарма координаторы Зауре Бекенова Алматы қаласы жастар саясаты басқармасы бастығының Алғыс хатын алды.

      Айта кетейік, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері «Жасыл ел» еңбек жасағында 2007 жылдан бері үздіксіз жұмыс жасап келеді.

      Бөлісу: