QYZPU Ұлыбританияның бүкіл әлемге әйгілі Норланд Колледжімен ынтымақтастық орнатуда



    • QYZPU Ұлыбританияның бүкіл әлемге әйгілі Норланд Колледжімен ынтымақтастық орнатуда

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры д-р Гүлмира Қанай Ұлыбританияға ресми іс-сапары барысында Норланд колледжінің директоры д-р Джанет Роузбен кездесті. Тараптар мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандарын даярлау мәселелерін талқылады.  

      Норланд колледжі 130 жыл қатарынан Ұлыбританияда ханзада мен ханшайым күтушілерін және балабақша тәрбиешілерін даярлайтын ең әйгілі оқу орны саналады. Оның түлектері жоғары сұранысқа ие – бір түлек жұмысқа шамамен 15 шақырту алады. Ал жылына мұнда бар-жоғы 200 ғана түлек даярланады. 

                                                                          

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің басшылығы мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу және бастауыш мамандарын даярлау бойынша Норланд колледжімен серіктес болуға ниетті. Айта кету керек, Норланд колледжінің басшылығы жуырда Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне ресми іс-сапармен келетінін мәлімдеді.

      Бөлісу: