Қытай мен АҚШ-қа кеткен QYZPU студенттері жағдайлары туралы айтып берді



    • Қытай мен АҚШ-қа кеткен QYZPU студенттері жағдайлары туралы айтып берді

      Бір ай бұрын Қытай мен АҚШ-қа оқуға кеткен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері шет елдегі оқу барысы мен хал-жағдайлары туралы хабар берді. Академиялық ұтқырлық жөніндегі үйлестіруші Зарина Пошайдың айтуынша, студенттер аман-есен орналасып, оқуларын жақсы көңіл-күймен жалғастыруда.  

      Естеріңізге салсақ, тамыз айының соңында QYZPU арнайы бағдарлама аясында Хубэй университетіне шет тілі: екі шет тілі мамандығының 10 студентін, ал АҚШ-тағы Миссисипи Алқабының мемлекеттік университетіне физика мамандығының 3 курс студенті Орынбаева Қарақатты жіберген болатын. 

      Сондай-ақ қазіргі кезде Литвадағы Вильнюс  университетінде шет тілі: екі шет тілі мамандығының 2 курс магистранты Сулу Аралбаева оқып жатыр. 

      Студенттер шетелде жарты жыл уақыт оқитын болады.

      Бөлісу: