Берлинде ғылыми жұмыспен айналысқысы келетін магистрлерге, докторанттарға және постдокторанттарға стипендия беріледі



    • Берлинде ғылыми жұмыспен айналысқысы келетін магистрлерге, докторанттарға және постдокторанттарға стипендия беріледі

      Берлиндегі Депутаттар палатасының білім беру қоры Берлинде ғылыми жұмыспен айналысқысы келетін немесе оқуды қалайтын магистрлерге, докторанттарға және постдокторанттарға 15 стипендия ұсынады. Ай сайынғы стипендия магистранттар мен докторанттар үшін 1100 еуро, постдокторанттар үшін 1630 еуроны құрайды.

      Өтінім беру мерзімі 2024-2025 оқу жылы үшін 2023 жылдың 15 желтоқсанына дейін.

      Барлық қосымша ақпаратты осы  сілтеме  арқылы табуға болады: 

      Баршаңызға сәттілік тілейміз және бұл мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!

      Бөлісу: