QYZPU студенттері Түркияға ұшып кетті



    • QYZPU студенттері Түркияға ұшып кетті

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 21 студенті бүгін Алматыдан Түркияға ұшып шықты. Олар сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясына 1 семестр бойы Өмір Халисдемир және Ондокуз Майыс  университеттерінде білім алады.

       Түркияға филология, жаратылыстану, физика, математика және цифрлық технологиялар, сондай-ақ әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институттарының 3 курс білім алушылары жіберілді.   

      Осы бағдарлама аясында Түркиядағы Өмір Халисдемир университетінің 2 магистранты мен 1 бакалавриат студенті Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша оқуға келеді деп күтілуде.

      Бөлісу: