Жаңа оқулық жарық көрді



    • Жаңа оқулық жарық көрді

      Философия ғылымдарының докторы, профессор, ғұмырының соңына дейін Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде қызмет атқарған ұлағатты ғалым Сапар Оспановтың «Рухани-жаңғыру-тану негіздері» атты концептуалды-монографиялық оқулығы жарық көрді.

      Еңбекте адамзаттың рухани құбылысының философиялық, теориялық және оны зерттеудің әдіснамалық мәселелері жүйелі түрде көрсетілген. Оның аса құнды негізі – «рух», «руханият», «руханияттылық» құбылыстарының әлем философиясының мазмұны тұрғысынан талданып, ашылған. Адамзат тарихындағы осы мәселеге қатысты ойлар мен даналық пайымдар тұңғыш рет қазақ тілінде жүйелі түрде келтірілген.

      Сонымен қатар оқулықта қазақ халқының тарихындағы рух мәселесінің бастаулары, даму кезеңдері, қазіргі мәселелері қарастырылған.

      Кітап «Теориялық және әдіснамалық ізденістер», «Ежелгі дүниетанымдардағы руханиаттылық бастаулары», «Батыс Еуропа елдері философиясындағы руханиаттылық мәселесінің дамуы» және «Протоқазақ-қазақ руханиаттылығы» атты бөлімдер мен 11 тараудан тұрады.

      Сарапшылардың айтуынша, оқулық өте күрделі және көкейтесті мәселелерді аса актуалды теориялар тұрғысынан көрсеткен. Бұл жұмыстың заманауи әлеуетін жоғары көтеруге ықпал етеді.

      Концептуалды оқулық орта арнайы және жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына, докторанттарына және осы тақырыпқа қызығушылық танытатын барлық оқырман қауымға арналған.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Бөлісу: