QYZPU ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНДАҒЫ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАЙДЫ
-
01 қыркүйек, 2023
Ректор Гүлмира Қанай бастаған QYZPU проректорлары мен Институт директорлары мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгін Қазақстан халқына жасаған «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауын тыңдады. Президенттің білім саласына арнаған жаңа бастамалары, әсіресе мектеп құрылысы секілді жаңалықтар елдің болашақ ұстаздарын оқытып жатқан білім ордасының басшыларын қуантпай қоймады.
Президенттің айтуынша, «Жайлы мектеп» жобасы аясында 400-ге жуық мектеп салынады. Бұл педагогтарға сұраныс әрі қарай да артады деген сөз. Сондай-ақ Жолдаудан халықтың әлеуметтік тұрмысын жақсарту үшін де кешенді жоспарлардың жүзеге асып жатқанын байқауға болады. Халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге жасалып жатқан іс-шаралар ректор Гүлмира Қанайдың көңілінен шықты. «Осы орайда халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер еткен кейбір шараларды атап өткім келеді.
Мысалы, 2020 жылдан бері мұғалімдердің жалақысы екі есе өсті. Дәрігерлердің айлығы да айтарлықтай көбейді. Қазір олардың табысы еліміздегі орташа жалақыдан әлдеқайда жоғары. Жұртқа зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану мүмкіндігі берілді. Миллионға жуық адам осы жобаның игілігін көрді – тұрғын үй мәселесін шешіп, баспаналы болды. «Жайлы мектеп» жобасы аясында 400-ге жуық мектеп салынады. Қазір ауылдық жерде 300-ден астам денсаулық сақтау нысаны салынып жатыр. «Ұлттық қор – балаларға» жобасы қолға алынды. Соның арқасында жаңа жылдан бастап балалардың есепшотына қаражат түсе бастайды. Игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген 8 миллион гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Мен нақты іске асқан шаралардың бір бөлігін ғана атап өттім. Шын мәнінде, көп жұмыс атқарылды, болашақта да өз жалғасын табады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы былтырдан бері жүргізілген ауқымды саяси реформаларға тоқталып, елімізде «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасы барынша орныққанын, адам құқығын қорғау саласында маңызды қадамдар жасалып, әділдік пен заң үстемдігін орнату үшін ауқымды жұмыстар атқарылғанын атап өтті. Сонымен қатар Президент нағыз дамыған ел боламыз десек, саяси реформалармен шектеліп қалуға болмайтынына назар аударып, осы жұмысты түбегейлі және жан-жақты әлеуметтік-экономикалық реформаға ұштастыру қажет екенін айтты.
МЕДИА
Бөлісу: