QYZPU -да университет студенттер үйіндегі орындарды бөлу бойынша комиссияның отырысы өтті
-
29 тамыз, 2023
2023 жылдың 31-тамызында 2023-2024 оқу жылына университеттің студенттер үйіндегі орындарды бөлу бойынша Комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырыс аясында Студенттер үйінде тұруға кезекте тұрған студенттерге орын бөлудің негізгі аспектілері бекітілді. Студенттер санының артуын және білім алушылардың студенттер үйіндегі қолайлы жағдайларда тұруларына ұмтылысын ескере отырып, 2023-2024 оқу жылына жалпы сыйымдылығы 3135 орынды құрайтын 7 студенттер үйі дайындалды. Университет инфрақұрылымының маңызды қосымшасы студенттер үйін ұйымдастыру бойынша ынтымақтастықты ынталандыратын жатақханалармен (хостел) жасалған меморандумдар болды.
Орындарды бөлу процесі негіздерін ескере отырып және қатаң басымдық тәртібімен жүзеге асырылып, конкурстық негізде әділ және тиімді процесті қамтамасыз ету үшін арнайы Комиссия мүшелері құрылды. Комиссия құрамына университет әкімшілігінің, студенттік өзін-өзі басқару ұйымының және басқа да жауапты тұлғалардың өкілдері кіреді. Студенттер үйіндегі орындарды бөлу процесі негіздерді ескере отырып, қатаң басымдық тәртібімен жүзеге асырылатынын атап өту маңызды.
Комиссия отырысына: стратегиялық даму және әлеуметтік жұмыс жөніндегі Проректор Рысбекова Ж.Қ, құқықтық және құжаттамалық сүйемелдеу Департаментінің директоры Маханов М.М, Институт директорларының орынбасарлары және студенттік өзін-өзі басқару органдарының өкілдері және университеттің басқа да жауапты тұлғалары.
Отырыс нәтижесінде студенттер үйімен қамтамасыз етілуі керек білім алушылардың өтініштері мақұлданды, сондай-ақ оларды орналастыру тәртібі белгіленді. Университет өз студенттерінің оқуы мен өмір сүруі үшін оңтайлы жағдай жасауға белсенді түрде ұмтылуды жалғастыруда.
Бөлісу: