1 қыркүйек - Білім күні құтты болсын!



    • 1 қыркүйек - Білім күні құтты болсын!

                                                                                                                        Құрметті білім алушылар! Қадірменді әріптестер!

      Сіздерді жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз! Биыл алғаш рет студент атанып, оқуға жаңадан келіп жатқан әріптестерімізге қош келдіңіздер дейміз. 1944 жылы негізі қаланған Университетіміз Орталық Азияда баламасы жоқ, қыз балаларға арналған жалғыз білім беру ордасы.

      “Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан” – деп ұлы Абай айтқандай, келешек мұғалімнің білімі мен тәрбиесі оқушысының білім сапасына, яғни еліміздің экономикасының дамуына тікелей ықпал ететін басты фактор. Халықаралық зерттеулерге сүйенсек, әлемдегі елдердің даму деңгейі сол елдегі білім беру жүйенің даму деңгейімен өлшенеді, ал білім беру жүйесінің дамуы ұстаздардың кәсібилігіне тікелей тәуелді. Бразилиялық ойшыл, Пауло Фрейре кезінде: “Оқу мен оқыту жаттанды дүниелерді баланың ойына құю емес, оларды өз бетімен ойлануға, шешім қабылдап, өз өмірлеріне жауапкершілік алуға үйрету маңызды”, - деген екен.

      Бұл дегеніміз, келешек ұстаздардың жоғары білікті рефлексивті маман бола білуі және сынып пен мектептің дамуына тікелей ықпал ететін шешім қабылдай білуі маңызды. Үстіміздегі оқу жылы Университетіміз өзінің 80 жылдығына дайындық үстінде. Осы үлкен іс-шараға бәрілеріңізді белсенді қатысуға шақырамыз.

      Жаңа оқу жылында Сіздерге толағай табыс пен оқуда үлкен жетістіктер тілейміз!

      Құрметпен, Басқарма Төрағасы – Ректор  Г. Қанай

                                                        

       

      Бөлісу: