Қазақстан Республикасының Конституциясы күні құтты болсын!



    • Қазақстан Республикасының Конституциясы күні құтты болсын!

      Құрметті әріптестер, қымбатты студенттер! Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

      Тәуелсіз Қазақстанның Конституциясы – егеменді ел даңғылының іргетасы, біздің барлық жетістіктеріміздің негізі мен бастауы. Еңселі егемендігіміздің тірегі болған Ата Заңымыз - халықтың ұлтына, дініне, жынысына қарамастан, еліміздің барша азаматтарының құқығын қорғап, тең өмір сүруімізді қамтамасыз етеді. Олай болса, Ата Заңды құрмет тұту – бәріміздің басты парызымыз екенін ұмытпауымыз керек.

      Елімізге бірлік, тыныштық, ашық аспан, береке мен азаматтық жауапкершіліктің көтерілуін, қоғамдық тұрақтылық тілеймін.

      Ізгі тілекпен, Басқарма Төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай

      Бөлісу: