Университетте «Мектепке жол» акциясы өтті



    • Университетте «Мектепке жол» акциясы өтті

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында іс-шара ұйымдастырылды. Аталмыш акцияға университет қызметкерлерінің мектеп табалдырығын аттағалы отырған  балалары  қатысты.

      Басқарма Төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай «Білім күні» қарсаңында 1-сынып оқушыларын  құттықтай отырып:   —  «Алғашқы қадамдарың берекелі болып, тәуелсіз елімізді гүлдендірер елжанды азаматтары мен азаматшалары болып өсе беріңдер! Оқуда озат болып, ата-аналарыңның үмітін ақтар ақылды ұл-қыз болыңдар. Қадамдарыңа гүл бітсін. Талаптарыңа нұр жаусын!» - деп өзінің бүлдіршіндерге және ата-аналарына жүрекжарды тілегін білдірді.

       Сөз соңында университетіміздің  кәсіподақ ұйымының қолдауымен бүлдіршіндерге сый-сыяпаттар табысталды.

      Бөлісу: