Университетте жаңа оқу жылынан бастап «оқытушы - зерттеуші (TR), «зерттеуші (R)» санаттарын тағайындау жүйесі енгізіледі
-
24 шілде, 2023
Университеттің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу үшін және профессорлық-оқытушылық құрамын ғылым саласындағы үздік нәтижелерге қол жеткізуге ынталандыруға және біліктілік пен жауапкершілік деңгейін арттыруға негізделіп, 2023-2024 оқу жылынан бастап Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Оқытушы-зерттеуші» (TR – Teacher-Reseacher), «Зерттеуші» (R – Researcher) санаттары енгізіледі.
«Оқытушы-зерттеуші» (TR), «Зерттеуші (R)» санаттары – университеттің ғылыми көрсеткіштерінің сапалық және сандық өсуін, сондай-ақ ПОҚ-ның ғылыми-зерттеу жұмыстарының сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Санаттарды тағайындау профессор-оқытушылар құрамының жұмыс өтілі, ғылыми (академиялық) дәрежесі, жарияланымдары, ғылыми жобаларға қатысу тәжірибесі, Хирш индексі көрсеткіштерін қамтитын «қауымдастырылған профессор» және «профессор» лауазымдарының біліктілік талаптарын орындаған оқытушыларға беріледі.
«Оқытушы-зерттеуші» (TR), «Зерттеуші (R)» санаттарына тағайындалған профессорлық-оқытушылық құрамының негізгі жалақыларына үстемақы қосылатын болады, сондай-ақ, ғылыммен айналысу үшін оқытушылық жүктемесін төмендетуді қамтамасыз етеді:
- «Оқытушы-зерттеуші» (TR) санаты бойынша жүктемесі келесідей болады: оқытушылық жүктемесі – 50% және ғылыми-зерттеулер жұмысын жүргізу – 50%;
- «Зерттеуші (R)» санаты бойынша жүктемесі келесідей болады: оқытушылық жүктемесі – 30% және ғылыми-зерттеулер жұмысын жүргізу – 70%;
«Оқытушы-зерттеуші» (TR), «Зерттеуші (R)» санатын енгізу ережесімен сілтеме арқылы танысуға болады.
Қазіргі таңда «Оқытушы-зерттеуші» (TR), «Зерттеуші (R)» санаттарын тағайындау конкурсына 19 өтінім келіп түсті, арнайы комиссия шешімімен талаптарға сәйкес келетін профессорлық-оқытушылық құрам өкілдеріне 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап тағайындалатын болады.
Бөлісу: