QYZPU ғалымдары 5 ғылыми жобаның жеңімпазы атанды



    • QYZPU ғалымдары  5 ғылыми жобаның  жеңімпазы атанды

      ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, Ғылым комитетінің 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық  жобалар бойынша гранттық қаржыландыру конкурсынан университетіміздің ғалымдары 5 ғылыми жобаның жеңімпазы атанды, жалпы қаржыландыру көзі – 337141139 теңге.

      «Білім және ғылым саласындағы зерттеулер» басым бағыты бойынша:

      • Физика, математика және цифрлық технологиялар институт директоры, «Информатика» кафедрасының профессоры Салгараева Гульназ Ибрагимовна – «Есту қабілеті нашар балаларға инклюзивті білім беру үшін мобильді оқыту қосымшаларын әзірлеу»;
      • Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институтының «Музыка» кафедрасының профессоры Кульманова Шолпан Бурибаевна – «Музыкалық-педагогикалық білім беру жүйесін жаңғырту және жаңарту жағдайында бәсекеге қабілетті музыка мұғалімдерін даярлау»;

      «Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер» бағыты бойынша

      • Жаратылыстану институты, химия кафедрасының доценті  Акимбаева Назгуль Оразбаевна  - «Өсімдіктердің өсуі мен дамуын реттеуші ретінде жаңа тиімді отандық препараттардың синтезі, құрылымы және биологиялық қасиеттері»;

      «Әлеуметтік және гуманитарлық ғылым саласындағы зерттеулер» басым бағыты бойынша

      • Әлеуметтік және гендерлік зерттеулер институты, PhD Агабекова Жазира Агабековна – «Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарындағы гендерлік білімнің ғылыми концепциясы: теориялық -методологиялық негіздері»;
      • Филология институты, Қазақ тіл білімінің теориясы және әдістемесі кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Шойбекова Газиза Бейсенбековна - «Балапан» телеарнасындағы бағдарламалардың (2017-2024 жж.) әдеби тіл нормасына сәйкестігін мониторингілеудің теориясы мен тәжірибесі.

      Жоба жетекшілерін және зерттеу тобы мүшелерін жетістіктерімен құттықтай отырып, алдағы жұмыстарында табыс тілейміз!

      Бөлісу: