ҚАЗАНАМА: Сангилбаева Әсел Оспанқызы



    • ҚАЗАНАМА:  Сангилбаева Әсел Оспанқызы

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ұжымы Әсел Оспанқызы Сангилбаеваның мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туған - туыстары мен отбасына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз. Бұл орны толмас қазада сіздердің қайғыларыңызға шын жүректен ортақтастығымызды білдіргіміз келеді. Бұл - бәріміз үшін мезгілсіз келген қайғы, өкініш...

      Әсел 2015 жылдан бастап теориялық және практикалық психология кафедрасында аға оқытушы болып қызмет етті. Педагогикалық жоғары оқу орын студенттерінің интернетке тәуелділік мәселесі бойынша докторлық диссертацияны қорғауға дайындалып жүрген болатын.

      Біз оны жүрегі кең, жаны таза, өресі биік зиялы тұлға ретінде білдік. Әселдің жүзінен күлкі кетпей, айналасына нұр шашушы еді. Оның шығармашылық рухы мен жігері барлық әріптестеріне төгіліп, біз оған ризашылық пен сүйіспеншілікпен жауап бердік. Амал нешік, біз жас ғалым, дарынды педагог және екі қыздың қамқор анасынан қапияда айырылып қалдық.

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің, Теориялық және практикалық психология кафедрасының ұжымы үшін Әселдің қазасы ауыр тиді. Біз Әселді сағынатын боламыз, ал ол туралы жарқын естеліктер оны таныған адамдардың барлығының жүрегінде мәңгі сақталады.

      Бөлісу: