Шығармашылық емтихан кестесі шықты
-
20 маусым, 2023
Арнаулы және шығармашылық дайындықты талап ететін, оның ішінде «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсуші талапкерлерден шығармашылық емтихан тапсыру үшін өтініштерді қабылдау күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 7 шілдесі аралығында жоғарғы және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (ЖЖОКБҰ) жүзеге асырылады. 8-13 шілде аралығында шығармашылық емтихан басталады.
Шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының тобына қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша түсуші талапкерлер бір шығармашылық емтихан тапсырады. Шығармашылық дайындықты талап ететін, жоғары білімнің білім беру бағдарламалары тобына оқуға түсуші адамдар өздері таңдаған ЖЖОКБҰ-ларда шығармашылық емтиханды тапсырады.
Шығармашылық дайындықты талап ететін, жоғары білімнің білім беру бағдарламалары тобына түсетін орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар адамдар үшін Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы (оқу тілі) бойынша балдар ескеріледі. Қазақстан тарихы және оқу сауаттылығы бойынша иеленген көрсеткіші 5 балдан кем болмауы керек.
Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша шығармашылық дайындықты талап ететін, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының тобына түсуші адамдар үшін арнайы пәннен балдары ескеріледі.Оқуға түсуші арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан өткізілетін аудиторияға (орынға) жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткенде жіберіледі. Жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаты бар оқуға түсушілер үшін шығармашылық емтихандар 45 балдық жүйе бойынша бағаланады.
Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша оқуға түсушілер үшін шығармашылық емтихан 20 балдық жүйе бойынша бағаланады.
Арнаулы және шығармашылық дайындықты талап ететін, оның ішінде «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсуші талапкерлер арнаулы және шығармашылық емтихандар тапсыру үшін ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясына мынадай құжаттар тапсырады:
Жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжат (түпнұсқа);
- 3 x 4 сантиметр көлеміндегі 2 фотосурет ;
- Медициналық анықтама №75-У, флюорография суретімен
- Баланың денсаулығы туралы төлқұжат -063
- Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі 2 дана;
- ҰБТ нәтижесі;
- Жеңілдікке құқық беретін құжаттар (бар болған жағдайда)
- "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 1) тармақшасында белгіленген спорттық разрядтар және (немесе) спорттық атақтардың бірінің бар болуын растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса)
Төменде шығармашылық емтихан тапсыруды талап ететін білім беру бағдарламаларының тізімі. Шығармашылық емтихан қабылдау кестесімен, әр бағдарламаның тұсындағы сілтеме арқылы таныса аласыздар:
- В092 – «Тынығу» білім беру бағдарламаларының топтары бойынша (күндізгі оқу бөлімі талапкерлері үшін) шығармашылық емтихан кестесі
- В028 – «Хореография» білім беру бағдарламасының топтары бойынша (күндізгі оқу бөлімі талапкерлері үшін) шығармашылық емтихан кестесі
- В007 – «Визуалды өнер,көркем еңбек, графика және жобалау» білім беру бағдарламасының топтары бойынша (күндізгі оқу бөлімі талапкерлері үшін) шығармашылық емтихан кестесі
- В006 – «Музыка мұғалімдерін даярлау», «Дәстүрлі музыка өнері» білім беру бағдарламасының топтары бойынша (күндізгі оқу бөлімі талапкерлері үшін) шығармашылық емтихан кестесі
- В005 –«Дене шынықтыру пәні мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасының топтары бойынша (күндізгі оқу бөлімі талапкерлері үшін) шығармашылық емтихан кестесі
- Шығармашылық емтихан тапсыратын талапкерлерге арналған кеңес беру кестесі
Бөлісу: