Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде 2023-2024 оқу жылына талапкерлерді қабылдау басталды!



    • Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде 2023-2024 оқу жылына талапкерлерді қабылдау басталды!

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (ҚазҰҚПУ) – бұл Орталық Азия өңіріндегі жоғары оқу орындарының бірегейі, көп жылдық оқу және ғылыми жұмыс тәжірибесі, мемлекеттік лицензиясы бар, институционалдық және мамандандырылған аккредиттеулерден өткен жетекші жоғары оқу орындарының бірі.

      Болашақ мамандықты таңдау, жоғары оқу орнына, колледжге түсу – мектеп бітіруші түлектердің өміріндегі маңызды кезең, өмір жолының басында туындайтын күрделі мәселелердің бірі. Сізге шынымен табысты адам болуға мүмкіндік беретін мамандықты таңдауда дұрыс шешім қабылдау өте маңызды! ҚазҰҚПУ сайтының «Оқуға түсу» бөлімінің беттерінде сіздер үшін оқуға түсу туралы маңызды ақпараттар жарияланған. Алдағы уақытта Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті оқу орынын таңдасаңыз, қателеспейтініңізге кәміл сенеміз!

      ҚАБЫЛДАУ  КОМИССИЯСЫНЫҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ: Гоголь көшесі 114/1, университеттің Ғылыми кітапханасы ғимаратында  қабылданады.

      Жұмыс күндері сағат 09:00-18:00 дейін. 

      Сіздер үшін виртуалды қабылдау комиссиясы да өз қызметін ұсынады.

      Талапкер,  БІЗ СІЗДІ   КҮТУЕМІЗ!

      ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ  ҚАЖЕТТІ  АҚПАРТТАР:

      1.Талапкер, Сізден «Мұғалімнің Кәсіби Мәртебесіне Қатынасын Өлшеу Шкаласы» атты сауалнамаға QR-КОД немесе сілтемеден өту арқылы жауап беруіңізді сұраймыз.

      «Мұғалімнің кәсіби мәртебесіне қатынасын өлшеу» шкаласы дегеніміз – әдебиеттерде адамның өз кәсібіне деген қатынасы жағымды болған кезде, адамның кәсібіндегі жетістіктері жоғары деңгейде болуы, ал теріс қатынаста болуы керісінше, кәсібінде жиі сәтсіздікке алып келетіні айтылған (Ajzen & Fishbein, 2005). Бұл дегеніміз, жеке тұлғаның бір кәсіптің иесі болуда таңдаған кәсібіне деген қатынасы маңызды рөл атқаратындығын білдіреді.
      Біздің университетіміз үшін болашақ маман ретінде әрбір талапкердің мұғалімдік мамандыққа деген қатынасының жағымды болуы маңызды. Сол себепті, талапкердің мамандықты таңдау кезеңінде оның мұғалімдік мамандыққа деген қатынасын, көзқарасын анықтап алуды көздеп отыр.

      Сауалнаманың мақсаты – университетімізге оқуға тапсырушы талапкердің мұғалімдік мамандыққа деген қатынасын анықтау.
      Сауалнама екі бөлімнен тұрады.

      • Бірінші бөлім – демографиялық және жеке тұлғалық ақпараттарға бағытталған сұрақтар тізімі
      •  Екінші бөлім – мұғалім кәсібінің мәртебесіне қатысты пікірлер.

      Сізден әрбір сұраққа жауап және сауалнаманың мазмұнын мұқият оқып, ұсынылған пікірлерге қаншалықты келісетініңізді немесе келіспейтіндігіңізді белгілеуіңізді сұраймыз. Сауалнамаға  төмендегі  сілтеме арқылы өтіңіз.

      https://forms.gle/TJN4eUXp1Q8SH2wWA

      2. Талапкерлерге  Hero Study жүйесінде  анкета толтыру үшін төмендегідей  құжаттарыңыздың электрондық нұсқалары қол жетімді  болуы керек:

      • Жеке куәлік;
      • Аттестат/диплом;
      • ҰБТ сертификаты;
      •  Мемлекеттік білім беру гранты туралы куәлік (грант иегерлері үшін);
      •  Тізімдемеден үзінді (арнайы және шығармашылық дайындықты талап ететін, оның ішінде «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша жоғары білім беру бағдарламаларына түсушілер үшін)
      • 075-У формалы медициналық анықтама флюорография суретімен;
      • Баланың денсаулығы туралы анықтама көшірмесі № 063 форма;
      • Жеңілдіктерге құқық беретін құжаттар (мүгедек, толық емес отбасы, көп балалы отбасы, ата-анасынан айрылған балалар) аталған құжаттар бар болған жағдайда;
      • Оқу ақысын төлегендігі жөніндегі түбіртегі (ақылы бөлім үшін);
      • 3х4 көлеміндегі  фотосурет.

                                                                                                                                                            МЕДИА

                                                                                 

                                                                                 

                                                                                      

      Бөлісу: