Университтеттің Басқарма мүшелері ұжым алдында оқу жылының қорытынды есебін берді
-
19 маусым, 2023
Бүгін «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КеАҚ қызметкерлері активі мен университеттің кәсіптік одақ комитетінің бірлескен жиыны болып өтті.
Басқарма Төрағасы – Ректор Гүлмира Әмірханқызы бастаған Басқарма мүшелері – Еркін Нұрсағатқызы, Закир Даниярұлы, Жанар Қасымбекқызы және «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық Бірлестігінің төрағасы Ләззат Махайқызы барша ұжымның алдында Университеттің бір жылғы жеткен жетістіктері мен қаржылық есебіне толықтай ашық түрде қорытынды есеп берді.
Университетіміздің академиялық, ғылыми, стратегиялық, әлеуметтік саласында жасалаған жұмыстары сараланып, қорытындыланды, алдағы жылға жоспарлары таныстырылды.Жиын соңында Басқарма Төрағасы Гүлмира Әмірханқызы университет қызметкерлеріне жылды табысты қорытындылағанымыз үшін сыйақы беру туралы шешімге қол қойылғанын атап өтті. Сонымен қатар, көпбалалы университет қызметкерлеріне кәсіптік одақтың арнайы ақшалай сыйақысы табысталды.
Бөлісу: