Университеттер арасында оқу-дала практикасы жүзеге асуда



    • Университеттер арасында  оқу-дала практикасы жүзеге  асуда

       Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті мен Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті арасында жасалған меморандум негізінде, тараптар арасында ғылым, білім беру және жоғары білікті мамандар даярлау саласындағы ынтымақтастық өз жалғасын табуда.

      Ғылым және білім саласындағы өзара ынтымақтасты ұйымдастырып,  дамыту мақсатында тараптардың оқу-дала практикасы базаларында екі жақты білім алушылардың оқу-дала практикасын (Қарқаралы оқу-дала практика базасы, Қапшағай демалыс аймағындағы оқу-дала практика базасы) өткізу туралы келісім жасалған болатын.

      Соған сәйкес, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті білім алушылары Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Қапшағай демалыс аймағындағы оқу-дала практикасы базасына келді.

      Практикалық жұмыс аясында студенттер Университетіміздің  Басқарма Төрағасы – Ректор Гүлмира Қанайдың арнайы қабылдауында болып, университетте шағын экскурсия жасады. Кездесу барысында Гүлмира Әмірханқызы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры Нұрлан Орынбасарұлына  университет ұжымы және ректор атынан алғыс хатты табыстап, екіжақты бірлескен жұмыстың алдағы уақытта жалғасын табатынына сенім білдірді.

      Бөлісу: